$ 484.19  524.28  5.03

Елена Рыбакина жаңа маусымға дайындықты бастады

Жарыс 2023 жылғы 31 желтоқсан мен 2024 жылғы 7 қаңтар аралығында өтеді.

Фото: sportqory.kz
Фото: sportqory.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) 2024 жылғы маусымға дайындықты бастады. Ол Instagram-дағы парақшасында жаттығуынан видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елена Рыбакина жаңа теннис маусымын Брисбенде (Аустралия) WTA 500 – Brisbane International турнирінен бастайды. Жарыс 2023 жылғы 31 желтоқсан мен 2024 жылғы 7 қаңтар аралығында өтеді, деп жазды Zakon.kz.

Елена Рыбакина 2023 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалында ойнады, сонымен қатар Индиан-Уэллс (АҚШ) және Римде (Италия) өткен WTA 1000 турнирлерінде жеңіске жетті.

Елена Рыбакина 2023 жылғы маусымды әлемдік рейтингіде 21-орынмен бастап, оны төртінші орынмен аяқтап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары