$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ теннисшісі Түркияда өткен турнирдің чемпионы атанды

Дмитрий Попкода барлығы 27 чемпиондық титул бар: жекелей сында 21, жұптық сында 6.

Фото: ktf
Фото: ktf

Түркияның Анталия қаласында ITF M15 сериясы бойынша турнир аяқталды. Жекелей сында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (504 ATP) жеңіске жетті. Бұл ойыншының биылғы маусымдағы екінші титулы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Өзбекстан өкілі Сергей Фоминмен (728 ATP) кездесті. Попко бірінші сетте 6:4 есебімен жеңгенімен, екіншісінде жеңіліп қалды – 3:6. Шешуші үшінші ойында Дмитрий 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Дмитрий Попкода барлығы 27 чемпиондық титул бар: жекелей сында 21, жұптық сында 6.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары