$ 494.87  520.65  4.91

Мәулен Әшімбаев: Қазақстан ауасы ең ластанған 40 елдің қатарында тұр

Экологиялық ақпарат AirKZ мобильді қосымшасы мен интерактивті карта арқылы қамтамасыз етіледі.

Фото: ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы
Фото: ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан ауасы ең ластанған 40 елдің қатарында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәулен Әшімбаев бұл туралы ҚР-ның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу кезіндегі парламенттік комиссияның «Ауаның ластануы – экологиялық қауіпсіздікке төнген қатер» тақырыбына арналған Өскемендегі көшпелі отырысында мәлімдеді.

Өскемен еліміздегі ауасы ең ластанған қалалардың бірі. Сол үшін комиссия отырысын осында бастап отырмыз. Халықтың өмір сүру сапасына күнделікті тыныстайтын ауа сапасы тікелей әсер етеді. Жыл сайын кәсіпорындар зиянды шығарындыларды азайтып келеді, бірақ экология мәселесі әлі де өзектілігін жоймады. Бүгінде Қазақстан ауасы ең ластанған 40 елдің қатарында тұр, –  деді Сенат төрағасы.

Оның айтуынша, атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізу мақсатында «Қазгидромедтің» 15 бекеті жұмыс істеп тұр. Қолайсыз метеожағдай кезінде ауа сынамалары мобильді жылжымалы зертханамен алынады.

Бірнеше ірі кәсіпорынға шығарындылар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін орнату аяқталуда. Экологиялық ақпарат AirKZ мобильді қосымшасы мен интерактивті карта арқылы қамтамасыз етіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары