11.12.2023, 21:30

Мас күйінде адам қағып кеткен әнші Ерлан Көкеевті Түркия тұрғыны іздестіріп жатыр

Фото: ratel.kz

Жапа шеккен Түркия азаматы, жас жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі.

"АБК" тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеевті Аланияда іздеп жатыр. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Журналистің айтуынша, бұл оқиғаны оған 26 жылдан бері Түркияда  жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысатын жергілікті тұрғын Лера баяндап берген.

Лера 26 жылдан бері Түркияда тұрады. Жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысады. Теңіз жағалауындағы шаһарға Қазақстандық әншілер легі аттанғанда жарнамалық ұсыныспен Көкеевпен танысады. “Қасында жұбайы, жанында 5-6 баласы бар екен, үлгілі әке ретінде көрдім” дейді Лера.

Былтыр әнші Лерадан жалға көлік алады. Отбасы, бала-шағасымен бір шараға барып, мас күйінде мото жүргізушіні қағып кетеді. Есі шыққан Ерлан Лерадан көмек сұрайды, ол таныстарын әкеп, сақтандыру төлеп, Ерекеңді кепілге шығарып алады.

Жапа шеккен Түркия азаматы, жас жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Бәрібір денсаулығы оңалмай, қазір мүгедек болып қалғанын айтты Лера, деп жазды Гүлмира Әбіқай. 

Сонымен қатар журналист қазіргі таңда Ерлан Көкеевті Аланияда іздеп жатқанын жазды. 

Түркия заңы бойынша, жол-көлік оқиғасының барлық шығынын рульдегі жүргізуші емес, көлік рәсімделген иесі көтереді. “Көлік пен медициналық сақтандыру, кепіл ақысы мен сот отырысының шығыны 34мың € болды. Оны өтегенше Ерлан мен әйелі жанымнан шықпай, өлердегі сөздерін айтып, арашалауын өтінді. Алғашқы шығындарды өтеген соң Көкеев көлеңкесін көрсетпей кетті” деп назын білдірді Лера.

Басында тел. алмай, кейін Лераның нөмірін мүлдем бұғаттап, өзі Қазақстанға тайып тұрса керек

Қазір бүкіл Алания АБК-ң экс әншісін шарқ ұрып іздеп жүр, деп жазды ол.