$ 495.2  522.34  4.94

Желіде Нүкенова мен Бишімбаевтың бұрынғы хаты қалай тарап кетті? - ІІМ мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрінің айтуынша, ол желіде тарап кеткен скриншотты көрмеген.

Коллаж: Tengrinews.kz
Коллаж: Tengrinews.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов қаза тапқан Салтанат Нүкенова мен қамаудағы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы хатының скрині желіде қалай тарап кеткеніне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

БАҚ өкілдері бұл ақпараттың таралып кетуін қалай түсіндіруге болатынын сұрады.

Осыған дейін айтылғандай, күдіктілер қамауда. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Барлық дәлелді база қолда бар. Сондықтан да оның қорытындысы бойынша істі сотқа жолдаймыз, - деді Саденов.

Ішкі істер министрінің айтуынша, ол желіде тарап кеткен скриншотты көрмеген.

Айта кету керек, осыған дейін Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы хаттың скрині пайда болған.

Бишімбаев пен Нүкенованың алмасқан хатынан скриншот

Бишімбаев пен Нүкенованың алмасқан хатынан скриншот. Фото: "Көреміз" бағдарламасы 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары