11.12.2023, 18:20

Астанада бас шырша қашан және қай жерде жағылады

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды.

Астанада 17 желтоқсан күні сағат 20:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында бас шырша жағылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, шыршаны жағу рәсімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады.

Шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендіріледі.