$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда автогаз бағасын көтеру жоспарланып отыр

Жоба 2023 жылдың 19 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық құқықтық реттеу порталында орналастырылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Энергетика министрлігі жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жобаға сәйкес, олар автогаздың бағасын келесі аймақтарда келесі мөлшерде өсіруді жоспарлап отыр:

  • Астана – литрі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін;
  • Алматы – литрі 75 теңгеден 81 теңгеге дейін;
  • Шымкент – литрі 60 теңгеден 64 теңгеге дейін;
  • Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – тиісінше 75 теңгеден (шалғай елді мекендерде – 80 теңге) 81 және 86 теңгеге дейін;
  • Ақмола облысы – 70 теңгеден (шалғай аудандарда – 75 теңге) 76 және 81 теңгеге дейін;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарына – 50 (55) теңгеден 54 (59) теңгеге дейін;
  • Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарына – 70 (75) теңгеден 76 (81) теңгеге дейін;
  • Жамбыл – 65 (70) теңгеден 71 (76) теңгеге дейін;
  • БҚО, Қызылорда, Түркістан – 60 (65) теңгеден 64 (69) теңгеге;
  • Павлодар – 70 (75) теңгеден 74 (79) теңгеге дейін.

Жоба 2023 жылдың 19 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық құқықтық реттеу порталында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, автогаздың ағымдағы шекті бағасы 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді, осыған байланысты министрлік жобаны Ашық НҚА порталында жариялау мерзімін 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуды ұсынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары