12.12.2023, 11:20

Астанада мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды

Фото: www.gov.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнде ауа температурасы -33 градусқа дейін түсетінін хабарлаған болатын.

Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

12 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген Білім басқармасы таратқан хабарламада.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнде ауа температурасы -33 градусқа дейін түсетінін хабарлаған болатын.