12.12.2023, 16:40

Экономика министрі депутаттардың ұсынысына қарсылық білдірді

Фото: ҰЭМ ресми телеграм-каналы

Оның барлығын жасанды интеллект элементтері бар жүйе оқиды.

 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асқар Садықов кәсіпкерлерді тексеруге мараторийді 2024 жылға дейін ұзартуды ұсынған еді. Тіпті ол «орта бизнесті де мораторийге қосып, оларды біраз уақытқа дейін тексеруден босату керек» деген болатын. Осы орайда, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров депутаттардың бизнесті тексеруге мораторийді тағы бір жылға ұзарту туралы ұсынысына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мен жоқ деп айтар едім. Онсыз да былтыр бір жылға ұзартылды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап реттеу жүйесінің жаңа түрі жүргізілуге тиіс. Тәуекелдерді басқару – бақылаудың автоматтандырылған жүйелері болуы керек. Бұл адамның қатысуынсыз іске асатын болады. Физикалық тексерулерді 2 есе қысқартып, айыппұлдар санын бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, төтенше жағдай болса, онда бұл ұйымда бұрын өрт болды ма немесе өрт қауіпсіздігіне қанша қаражат жұмсады? Оның барлығын жасанды интеллект элементтері бар жүйе оқиды, – деді Әлібек Қуантыров «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде.