$ 522.49  547.88  5.06

Алматыда жүк көлігі жас баланы қағып кетті

Оқиға орнынан қашып кеткен.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға Қалқаман шағын ауданында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінде ГАЗ-53 көлігі жасөспірімді қағып кетті. Жол апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Бір тәуліктен кейін жүргізуші Алматы облысында алкогольге және есірткіге масаң күйде ұсталды. Көлік жақын маңдағы көшеден табылды, – деді Іздестіру басқармасының басшысы Қайсар Төлебеков.

Полицияның анықтауынша, ол 2020 жылы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Жүргізуші қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары