$ 484.11  528.79  5.03

Ұлттық қауіпсіздік комитеті WhatsApp-тағы хаттарды қадағалап отыра ма?

Олар, осылайша, билік Telegram немесе WhatsApp мессенджерлерде хабарламаларды қадағалайтыны туралы айтады.

Фото: stopfake.kz
Фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде Ұлттық қауіпсіздік комитеті WhatsApp-та адамдардың хаттарын "қалай бақылайтыны көрсетілген" видео тарады. Алайда бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода мониторлар көрсетілген, ол хабарлар көрінетін бірнеше терезеге бөлінген. Бұл видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл видео әлеуметтік желілерде 2023 жылғы қазанның соңында тарала бастады.

Сондай-ақ, оны Өзбекстан мен Дағыстанда да желі қолданушылары жаппай таратқан. Олар, осылайша, билік Telegram немесе WhatsApp мессенджерлерде хабарламаларды қадағалайтыны туралы айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары