13.12.2023, 10:40

Футболдан Чемпиондар лигасы: Плей-оффқа шыққан командалар анықталды

Фото: pixabay

Енді 13 желтоқсанда E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі. 

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы турындағы алғашқы күнгі ойындар өткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

12 желтоқсанда Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында А, В, С, D топтарында өнер көрсететін командалар алтыншы тур ойындарын өткізді.

Англияның «Манчестер Юнайтед» командасы өз тобында төртінші орынды місе тұтты. Олар соңғы турда Германияның «Бавариясына» 0:1 есебімен есе жіберді.

Ал Испанияның «Реал Мадрид» командасы топтық кезеңде бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ. Испаниялық футболшылар алтыншы турда сырт алаңда Германияның «Унион Берлин» клубын 3:2 есебімен жеңді.

А тобы: «Манчестер Юнайтед» (Англия) -«Бавария» (Германия) 0:1, «Копенгаген» (Дания) - «Галатасарай» (Түркия) 1:0

В тобы: «Ланс» (Франция) - «Севилья» (Испания) 2:1, ПСВ (Нидерланд) - «Арсенал» (Англия) 1:1

С тобы: «Наполи». (Италия) - «Спортиг Брага» (Португалия) 2:0, «Унион Берлин» (Германия) - «Реал Мадрид» (Испания) 2:3

D тобы: «Интер» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания) 0:0, «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Бенфика» (Португалия) 1:3.

Нәтижесінде плей-офф сатысына шыққан алғашқы сегіз команда анықталды. Олардың қатарында «Бавария», «Копенгаген», «Арсенал», ПСВ, «Реал Мадрид», «Наполи», «Реал Сосьедад», «Интер» командалары бар.

Енді 13 желтоқсанда E, F, G, H топтарында бақ сынайтын командалар өзара кездеседі.