$ 522.49  547.88  5.06

Қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимовқа Олимпиада алтыны қайтарылмайды

«Бұл спортшы тарапынан жасалған алаяқтық», - деп жазылған арнайы мәлімдемеде. 

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Рио олимпиадасында ауыр атлетикадан чемпион атанған қазақстандық Нижад Рахимовтың допинг дауына ілінуіне байланысты қабылданған шешім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Оны Спорттық арбитраждық сот 8 жылға кәсіби спорттан аластатқан болатын.

Әзірбайжандық легионердің Олимпиададағы жоғары нәтижесін жою туралы шешім енді өзгермейді. 

Спорттық арбитраждық соттың аппелляциялық бөлімі қазақстандық ауыр атлет Ниджат Рахимовқа қатысты шешім шығарды. Ол былтыр наурыз айында допинг сынамасын тапсыру ережесін бұзғаны үшін 8 жылға шеттетілген еді. Сәйкесінше оның 2016 жылдан бергі спорттық жетістіктері толық жойылды. Оның ішінде Рио олимпиадасында алған алтын медалі де бар. 

Осылайша, Спорттық арбитраждық соттың аппелляциялық бөлімі Ниджаттың тәртіп бұзғанын кезекті рет растап, іске нүкте қойып отыр. Яғни, Нижаттың допинг сынамаларды ауыстырғаны анықталған.

Бұл спортшы тарапынан жасалған алаяқтық, - деп жазылған арнайы мәлімдемеде. 

Енді Ниджатқа қатысты жаза сол күйі өзгеріссіз қалып, кәсіби түрде спортпен шұғылдануына еш мүмкіндік жоқ. 

30 жастағы ауыратлет 2015 жылы 77 келіде әлем чемпионы атанған болатын. Спорттық арбитраждық соттың аппелляциялық бөлімінің шешімі бойынша оның осы дәрежесі ғана өзгеріссіз сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары