$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде аяздың беті қашан қайтады?

Ауа температурасы түнде бірте-бірте көтерілуі мүмкін.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады және аяз сейіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның шығысында арктикалық антициклон орнады. Сондықтан онда төмен температура мен аяз сақталады.

15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына қар жауады, жел күшейіп, боран соғады. Ал таулы аймақтарда тұман болады. Елдің батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіліп отыр.

Ауа температурасы түнде бірте-бірте көтерілуі мүмкін:

батыста -5-15°С-қа дейін;

солтүстік-батыста және орталықта -10-25°С-қа дейін;

солтүстікте -17-28°С-қа дейін;

оңтүстікте -5-18°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста -10-25°С-қа дейін.

Қазақстанның шығысында -30-40°С аяз сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары