13.12.2023, 20:30

Экология министрлігі елімізде қанша қар барысы мекендейтінін айтты

Фото: pixabay

10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қар барыстары популяциясының рекордтық деңгейге дейін төмендегені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

13 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Energyprom.kz мониторингтік агенттігі ұсынған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Зоология институтының санағына сәйкес, Қазақстандағы қар барыстарының саны, бүгінгі күні, 180 дарақтан асқан, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.