14.12.2023, 11:20

Алматыда «Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды

Фото: 24.kz

Музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар.

Алматыдағы орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан - Тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

24.kz мәліметінше, музей қорында Желтоқсан оқиғасына қатысты 200-ге жуық жәдігер бар. Соның біразы көрмеге қойылды.

Деректі материалдар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құжаттары, фотосуреттері және осы тарихи оқиға туралы жазылған кітаптар сол қаһарлы күндерден сыр шертеді.

Экспонаттардың қатарында КСРО Халық әртісі Әзербайжан Мәмбетовтың көтеріліске қатысқанын дәлелдейтін қанға боялған киімдері де бар. Сонымен қатар Қайрат Рысқұлбековке қатысты құжаттар қойылған. Көрмеде желтоқсаншылар естеліктерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, бейбіт шеруге қатысамыз деп келген 30 мыңнан астам адамның 8515-ін құқық қорғау органдары ұстаған.