14.12.2023, 12:20

Желіде аязға қарамастан қызметін абыроймен атқарып жүрген құтқарушылардың видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Ер адам киімдегі мұзды тіпті балғамен ұрып, сындыруға тырысып бағуда.

Желіде аязға қарамастан қызметін абыроймен атқарып жүрген ақмолалық ТЖД қызметкерлерінің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан құтқарушылар аязды ауа райына қарамастан қызметін абыроймен жалғастырып жатқанын көруге болады. Аязды күнде өрт сөндірушілердің киіміне мұз қатқан. Ер адам киімдегі мұзды тіпті балғамен ұрып, сындыруға тырысып бағуда.

«Таңғы сағат 7.30.00 шамасында Қосшы қаласында өрт шыққан. Біз таңғы сағат 5.00-ден бастап жұмысқа кірістік», - дейді мұз болып қатқан қолғабын шеше алмай жатқан құтқарушылардың бірі. 

Министрлік өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қолайсыз ауа райына қарамастан қызметін абыроймен жалғастырып жатқанын атап өтті. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады! - делінген хабарламада.