$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан аруы – 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

Байқау жеңімпазы Қазақстан атынан «Әлем аруы» байқауына қатыса алады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Алматыда Республика сарайында «Қазақстан аруы – 2023» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтті. Алматылық Сабина Ыдырысова сұлулық тәжіне ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жеңімпаздың тәжі мен Қазақстанның бірінші аруы атағын иелену үшін 25 бойжеткен бақ сынасты. Байқауға қатысуға жалпы саны 17 мыңнан астам қазақстандық қызк өтініш білдірген.

Қазылар алқасының қатарында Мәдина Сәдуақасова Айдай Исаева, Томирис Кәкімова, Еркебұлан Тоқтар, Жәния Джуринская, қырғыз дизайнері Арзубек Вонама және Анжела Пересыпкина болды.

Қазылар алқасының шешімімен 21 жастағы алматылық қатысушы Сабина Ыдырысова «Қазақстан аруы – 2023» атанды.

Айта кетейік, байқау жеңімпазы Қазақстан атынан «Әлем аруы» байқауына қатыса алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары