15.12.2023, 09:20

Әлем чемпионы Тоқаевқа өз суреті бар бокс қолғабын сыйлады (ФОТО, ВИДЕО)

Фото: Жәнібек Әлімханұлы

Кеше мемлекет басшысы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына Голландиямен өтетін ойында футзалдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін барған.

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі бейнеленген бокс қолғабын табыстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлықты кәсіпқой боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сыйлады.

Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына Голландиямен өтетін ойында футзалдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін барған.