Қала тұрғынының айтуынша, үйіндегі батареялар салқындап, үйдің іші қатты суып кеткен.
Алматыда оңтүстік аудандық қазандықтағы апат салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қала тұрғынының айтуынша, үйіндегі батареялар салқындап, үйдің іші қатты суып кеткен.
Қазандық апатынан Жароков – Әл-Фараби – Тимирязев – Желтоқсан көшелеріндегі үйлер зардап шеккен. Бұл аумақта 180 көпқабатты үй, 17 жеке тұрғын үй, төрт мектеп және үш денсаулық сақтау нысаны бар.
Оңтүстік қазандық өкілдері сағат 23.00-ге дейін жылу берілетінін айтты.