$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында жүкті әйел қайтыс болды

Марқұмның артында бір жасар баласы қалды

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Атырау облысында Махамбет ауданының тумасы 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 5 желтоқсанда "жедел фарингит" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды, деп жазды "Ақ жайық" басылымы.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары