Марқұмның артында бір жасар баласы қалды
Атырау облысында Махамбет ауданының тумасы 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 5 желтоқсанда "жедел фарингит" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды, деп жазды "Ақ жайық" басылымы.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.