$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Тәуелсіздік күніне ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Америкалықтар «Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Махаббат бекеті», «Менің атым Қожа» фильмдерін ағылшынша сөйлеткен.  

Фото: Қазақфильм
Фото: Қазақфильм

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады, - деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы egemenkz-ке сілтеме жасап.

Елшілік қызметкерлері қазақ көркем фильмдерін ағылшын тілінде дыбыстап, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Бұл туралы елшілік қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көргіңіз келе ме?, делінген хабарламада.

Америкалықтар «Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Махаббат бекеті» фильмдерін ағылшынша сөйлеткен.  

Тайлақты - Lucas, биші қызды - Lola, Сырлыбай биді - Colin, Ермек Серкебаевты - Johnibek, Оралды - Chris дыбыстаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары