$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтардың жанашыры»: Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдында «Абай жолын» оқыған

Дайындық кезінде қатаң тәртіп ұстанамыз.

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Бүгін қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмонов (17-0) UFC 296 алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Спортшы маңызды кездесуге физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да дайындалатынын айтты. Ол жекпе-жек алдында "Абай жолын" оқығанын жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шавкат Рахмонов алдағы маңызды жекпе-жек алдында сұхбат беріп, өз дайындығы туралы айтып берді. Спортшы жаттығулармен қатар, соңғы уақытта рухани дүниеге де ерекше көңіл бөле бастағанын айтты. Ол жекпе-жегі алдында Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" кітабын оқып шыққан екен.

Дайындық кезінде қатаң тәртіп ұстанамыз. Уақытылы ұйықтап, уақытылы тамақ ішеміз, жаттығамыз. Түнде жақсы ұйықтау үшін күндіз ұйықтамауға тырысамын. Күніне екі рет жаттығамыз. Бос уақытымызда кейде демаламыз, отбасымызға көңіл бөлеміз. Кітап оқуға көп уақыт бөле бастадым. Соңғы оқыған кітабым - "Абай жолы". Бірінші томын оқып шықтым. Енді үшеуі қалды. Абай Құнанбаев - әйгілі ақын-жазушы. "Абайдың қара сөздері" Қазақстанды жиі қолданылады. Ол қазақтардың нағыз жанашыры. Абай қазақтарға қатысты болған әділетсіздікті көріп, әділеттік үшін күрескен, барын берген адам, - деді спортшы UFCEurasia Instagram парақшасына берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жек 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары