Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды
Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.
Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.