17.12.2023, 10:30

Кувейт әмірі қайтыс болды

Фото: © AP Photo/Nasser Waggi

Кувейттің тақ Мұрагері шейх Машааль аль-Ахмед ас-Сабах осы елдің Әмірі болды.

Кувейттің тақ Мұрагері шейх Машааль аль-Ахмед ас-Сабах осы елдің Әмірі болды. Бұл туралы Кувейт мемлекеттік телеарнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыған дейін мемлекеттік телеарнаның эфирінде Кувейтттің 16-шы Әмірі шейх Наваф аль-Ахмед аль-Джабер ас-Сабах 86 жасында қайтыс болғанын хабарлады.

Біз Кувейт мемлекетінің Әмірі, шейх Наууаф әл-Ахмед ас-Сабахтың қазасын зор өкінішпен қабыл ала отырып, қабырғамыз қайыса қайғырамыз, – деп келтіреді Al Jazeera кеңсе хабарламасын.