17.12.2023, 17:30

Қазақстандық кәсіпкер Оңтүстік Корея Президентінің сыйлығына ие болды

Фото: Видеодан алынған кадр

Дмитрий Ли Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 2019-шы жылы көшіп барған.

Жүлдені Президент Юн Сок Ёль атынан Дмитрий Лиге Инчхон қаласының мэрі табыстады. Жерлесіміз басқарып отырған компания бір жыл ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дмитрий Ли Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 2019-шы жылы көшіп барған. Бастапқыда жүргізуші болып жұмыс істеп, кейін көлік экспортымен айналысатын компания құрған. Кореяға көшкенге дейін жерлесіміз еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. "KAZAKH-TV" арнасында ағылшын тілінде жаңалықтарды жүргізді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл сыйлықтың иегерлері Корея экономикасына қомақты үлес қосты. Біз экспорттаушыларды жергілікті және шетелдік деп бөлмейміз. Жүлде кем дегенде 1 миллион долларға кореялық тауарларды экспорттаған бизнесмендерге беріледі, - деді Корея сауда қауымдастығының Инчхон орталығы директоры Сим Джун Сок