$ 444.14  477.05  4.85

Елімізде пойыздар екі сағаттан 27 сағатқа дейін кешігіп жатыр

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

 

Фото: КТЖ
Фото: КТЖ

Пойыздар екі сағаттан 27 сағатқа дейін кешіктірілуде, кейбір рейстерді мүлдем алып тастауға тура келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазақстан темір жолы" компаниясына сілтеме жасап.

Барлығы – 23 пойыз.

Кешіктіріліп жатқан пойыздардың тізімін мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар.

Айта кетері, Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының хабарлауынша, жолаушылар пойыздарының өтуін қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының теміржолшылары өңір үшін қалыптан тыс қардан жолды тазарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.

Теміржол төсемін тазарту үшін арнайы қар тазалау және қардан аршу техникалары жұмылдырылған. Жол дистанциясының қызметкерлері техника өте алмайтын жерлерді қардан тазартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары