18.12.2023, 18:30

Анкарада Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын еске алу кеші өтті

Фото: 24.kz

Тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың рухына Құран бағышталды.

Түркияда білім алушы жастарымыз Қазақ елінің азаттығы жолында бастарын бәйгеге тіккен «Желтоқсан құрбандарын» еске алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Азаттық дастаны» атты әдеби-сазды қойылымды Анкара тұрғындары мен отандастарымыз тамашалады.

Іс-шара барысында өрімдей қыз-жігіттердің өмірін қиған  желтоқсан ызғары жайлы деректер мен дәйектер айтылды. 16 мен 23 жас аралығындағы жанкешті жастардың толқынысы алаңда қалай басылып-жанышталғаны театрландырылған қойылым арқылы жеткізілді. Тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың рухына Құран бағышталды.

Айта кетейік, еске алу кешін Анкарадағы қазақстандық студенттердің бірлестігі ұйымдастырды.