18.12.2023, 20:30

Бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы халықтан көмек сұрады

Фото: Massaget.kz

«Анамды тапқанша Испанияға қайтпаймын». 

Бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздеп, әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ елінен қолдау күтетінін айтты

Мен анама қазіргідей жақын болған емеспін. Сондықтан мен анамды тапқанша Испанияға оралмауды жөн көрдім. Құрметті қазақ елі маған сіздердің қолдауларыңыз бен көмектеріңіз керек. Осы постты әлуеметтік желіде бөлісіңіз. Маған ана керек. Қазақстаннан туған анамды тауып, оны құшағыма алғым келеді, - деп жазды ол.