$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда ер адамдар арасында жаппай төбелес болды

Арнайы жасақ қызметкерлері келіп жеткенімен, олар да төбелесті тоқтата алмаған.

Ақтауда ер адамдар арасында болған төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына бірінші болып жедел әрекет ету бойынша арнайы жасақ қызметкерлері келіп жеткенімен, олар да төбелесті тоқтата алмаған. Кейін полицейлер төбелеске қатысы бар екі күдіктіні ұстады. 

Lada.kz мәліметінше, 19-шы шағын ауданда орналасқан бардың кіреберісінде ер адамдар арасында төбелес шыққан. Бұл жайт 17 желтоқсанға қараған түні видеоға түсіп қалды.

Куәгерлердің айтуынша, спорт барына келушілер бір-бірімен төбелесіп қалған. Видеодан қақтығысқа қатысушылардың бірі қолына тас алып, қарсыласына қарай жүгіргенін көруге болады.

Сондай-ақ басылым ақпараты бойынша, оқиға орнына жедел әрекет ету бойынша арнайы жасақ қызметкерлері келіп жеткенімен, олар ашуға булыққан ер адамдарды тоқтата алмаған.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер екі ер адамды ұстады.

Полиция бөліміне 33 және 34 жастағы күдіктілер жеткізілді, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр, – деді полицейлер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары