$ 494.87  520.65  4.91

19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Елдің көп бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 19-21 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабаралайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мамандардың болжамына қарағанда, нағыз қысқы ауа райының аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Гольфстрим жылытқан солтүстікатлантикалық ауа массалары енеді. Нәтижесінде елдің көп бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.

Кезекті Солтүстік Атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлайды, боран соғып, қар жауады, ал жаңбырға ауысатын қар әуелі Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде, 21 желтоқсан күні түстен кейін елдің солтүстігінде және орталығында көктайғақпен бірге жүреді. Ал термометр бағаны күндіз біртіндеп 8 градус аяздан 3 градус жылыға дейін көтеріледі,  делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары