$ 495.2  522.34  4.94

Қазақстандықтарға Ресей азаматтығын алу жеңілдемек

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

18 желтоқсанда Владимир Путин Беларусь, Қазақстан және Молдова азаматтарын Ресей азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Аталған құқықтық акт қазақстандықтардың Ресей төлқұжатын алуын жеңілдетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Publication.pravo.gov.ru сайтының мәліметінше, ресми ресейлік құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланған жарлыққа сәйкес, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары Ресей азаматтығын келесі талаптарды орындамай-ақ ала алады:

– тұруға рұқсат берілген күннен бастап Ресей Федерациясында тұрақты тұру;

– Ресей тарихын және Ресей заңнамасының негіздерін білу.

Дегенмен, қазақстандықтар әлі де орыс тілін меңгергенін дәлелдеу керек болады. Ресей төлқұжатын алу үшін Қазақстан азаматтары тиісті өтінішті, тұруға рұқсатты, ұлттық төлқұжатты және орыс тілін білуін растайтын құжатты көрсетуі қажет.

Дәл осындай талаптар Молдова азаматтарына да қатысты. Беларусь азаматтары үшін орыс тілін білуін растау талабы қосымша алынып тасталды.

«Коммерсант» 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 876 қазақстандық Ресей азаматтығын алғанын хабарлайды. Жалпы қаңтардан қазанға дейін Ресей азаматтығын алған шетелдіктер саны 46%-ға азайған.

Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған.

2023 жылдың басында Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасында қазақстандықтар үшін Ресей азаматтығын алуды жеңілдету мәселесі талқыланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары