Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға бүгін, сағат 08:45-те «Самара – Шымкент» трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар – республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2і оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады, – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.