$ 443.44  480.51  4.88

Қызылордада 18 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қызылорда қаласында 18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы Айтөреева Дариға Рауанқызы 17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.

жоғалды

Фото: Қызылорда қалалық полиция басқармасы

Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,50 - 1,55 см, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті. Киімдері: қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқ киім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуызды сұраймыз, - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары