$ 494.87  520.65  4.91

Жезөкшелікті насихаттайтын Akon-ға домбыра сыйлау надандық - депутат

Біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. 

Коллаж: Ulysmedia
Коллаж: Ulysmedia

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай концерт ұйымдастырушыларының Akon-ды ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағанын орынсыз деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутат мәдени атрибуттарды ілгерлетуде, насихаттауда талғамды болу керек екенін алға тартты, деп жазады Ulysmedia.kz.

“Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы  - қасиетті домбыраны жезөкшелік пен әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын”, – деді ол депутаттық сауалында.

Әлтай жастар Тик-Ток пен Инстаграмның тұтқынына айналып, ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтаған құндылықтарымыздан, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап бара жатқанына алаңдайтынын жеткізді.

“Нақты дәлел: Астанада өткен Akon-ның концертіне байланысты бірнеше аспектлерге тоқталайын:

Біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. 

Екіншіден, ұлттық өзегі әлсіз, өзгені пір тұтқыш жастар әндердің контекстінде байқалатын гендерлік кемсітушілік мәселесін, қыздардың намысын, абыройын қорлайтын теріс мазмұнын аңғармай есі кетті.

Үшіншіден, «smack that»  әнінің мәтінінен эротикалық сипаттағы нәпсіні қоздыруға итермелейтін, сананы лайлап, тәрбиеге теріс әсер ететін қауіпті мазмұнды аңғарамыз”, – деді депутат.

Бұл ретте, Әлтай мәдениет және ақпарат министрлігі шетелден елімізге кіретін мәдени өнімдерге, гасрольдік сапармен келушілерге қойылатын нақты талаптар жиынтығын әзірлеу керек екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары