$ 443.37  474.49  4.83

Астанада «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау басталды

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі.

 

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астанада «Көпбалалы отбасылар» және «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қабылдау күні: 2023 жылғы 20 желтоқсаннан бастап сағат 09:00-ден 2023 жылғы 28 желтоқсанға дейін сағат 23:59-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау көрсетілген кезеңде тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі және отбасының құрамы ескеріледі.

Назар аударуды сұраймыз! Қатысуға өтінімдерді кезекке қойылған барлық жылдардағы кезекте тұрған азаматтар бере алады, алайда қатысуға өтінім бергендер арасында басқалардан бұрын кезекте тұрғандар өтеді.

Бұл бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрған төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:

1. жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

2. басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3. бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

4. мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5. кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6. жасы бойынша зейнеткерлер;

7. жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

8. қандастар;

9. экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10. көпбалалы отбасылар;

11. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

12. толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны – 960, оның ішінде:

1. «Көпбалалы отбасылар» санаты үшін - 270 пәтер;

2. «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты үшін – 173 пәтер;

3. басқа санаттағы «Халықтың әлеуметтік осал топтары» үшін - 517 пәтер.

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.

Нысандардың орналасуы: Астана қаласы, Пригородный кенті, Е.761 көшесі («Оrman park» ТК); Е 699 көшесі - «Аѕраn park 1» ТК, «Аѕраn park 2» ТК; Тілендиев даңғылы («Жетіжол» ТК; Астана-Қарағанды тас жолы, 23 («Денсаулық» ТК); «ЕК-17, ЕК-21» көппәтерлі тұрғын үй кешені, «Едем» ТК, Көктал ауданы, «Көктем» ТК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары