$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды ​​облысында үш адамға қасқыр шапты: Полиция жыртқышты іздестіріп жатыр

Зардап шеккендердің бірін бірнеше жерден тістеген, ал екіншісі қолынан жарақат алған. 

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қарағанды ​​облысының Қарқаралы қаласында үш адамға қасқыр шабуыл жасады. Зардап шеккен азаматтар аурухана көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Зардап шеккендердің бірін бірнеше жерден тістеген, ал екіншісі қолынан жарақат алған. 

Тәртіп сақшылары мен мал дәрігерлері қала шетінде таңғы уақытта екі әйелді тістеп алған жабайы жануарды жою шараларын жүргізуде. Ал жергілікті тұрғындардың бірі қаңғыбас иттердің арасында жүрген қасқырды суретке түсіріп алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 желтоқсан таңғы сағат алты шамасында болған. Денсаулық сақтау басқармасы алғашында дәрігер көмегіне екі адам жүгінгенін хабарлады. Кейін ауруханаға тағы бір адам түскен. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті ветеринария басқармасымен бірге жабайы аңға қарсы шара қабылдап жатқанын айтты. Ал Қарқаралы тұрғындарының көбі балаларын мектепке жібермеген.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қарқаралыда медициналық мекемеге әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен үш адамның келгенін растады. Ведомство олардың жағдайы жақсы екенін, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгенін жеткізді. Барлығының жарасы емделіп, құтырмаға қарсы екпе алып, амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Қарқаралы ауданының әкімдігі жағдай әкімнің жеке бақылауында екенін хабарлады. Ауданда адамдарға шабуыл жасаудың оқиғалары қайталанбас үшін полиция қызметкерлері, ветеринарлар және төтенше жағдайлар мамандары арасынан ведомствоаралық топ құрылған.

Ведомствоаралық топ қасқырды іздестіруде. Мектептер мен басқа да оқу орындарының жанына күзет бекеттері қойылды, –  деп хабарлады аудан әкімдігі.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ жергілікті әкімдік қауіпсіздік мақсатында балаларды мектептен үйлеріне жеткізу ұйымдастырылғанын хабарлады. Екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабақтары қашықтықтан оқыту форматына көшірілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары