21.12.2023, 15:40

Елордада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

Фото: pixabay.com

Желдің екпіні 15-20 м/с жылдамдыққа дейін жетеді.

Астанада ауа райына байланысты бүгін екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылғы 21 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – деп жазады Білім басқармасы.

Астанада 21 желтоқсан күні қарлы боран мен көктайғақ болады деп болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с жылдамдыққа дейін жетеді.