$ 494.87  520.65  4.91

Досаев келесі премьер-министр болуы мүмкін бе?

 Үкімет те, әкімдік те өз деңгейінде жұмыстарын атқарып жатыр.

 

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Ерболат Досаев Алматыны қанша жыл басқарғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, өзі қазіргі жұмысына ғана назар аударғысы келеді.  

Маған осы жұмыс ұнайды. Өте креативті және өз қаламды дамытуға байланысты жұмысымды жалғастыра беруді қалар едім. Әзірге алдағы екі жылымды қаланың дамуына арнағым келеді, – деді Алматы қаласының әкімі. 

Бұдан бөлек, Алматы әкімі журналистердің «келесі премьер-министр болуыңыз мүмкін бе?» деген сауалына жауап берді.

Тағайындау немесе тағайындамауға қатысты мәселе сарапшылардың да, менің құзырыма да кірмейді. Мен ешкімнің көңілін қалдырғым келмейді. Үкімет те, әкімдік те өз деңгейінде жұмыстарын атқарып жатыр, – деді Досаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары