22.12.2023, 07:30

Көктайғақ, тұман, боран: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Астанада түнде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Тұман, көктайғақ болады.

22 желтоқсанда Астана мен еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Skifnews.kz aқпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада түнде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Тұман, көктайғақ болады.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда тұман, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста  23-28 м/с, таңертең және түстен кейін облыстың солтүстік-шығысында  30 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысыныңсолтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жед соғады деп күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, 22-23 желтоқсанда 23-28 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді деп болжанады.