22.12.2023, 03:30

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын бір күнде екі рет жеңді

Фото: instagram/lenarybakina

24 жастағы қазақстандық теннисші екі шешуші матчта жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан World Tennis League (WTL) турнирінде өз командасына жеңіс сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы қазақстандық теннисші екі шешуші матчта жеңіске жетті.

Рыбакина әуелі Сорана Кырстямен (Румыния) бірге Ига Швентек (Польша) пен Каролин Гарсия (Франция) дуэтін (6:4), содан кейін жекелей сында әлем рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті ұтты.

Рыбакина бірінші сетте Швентекке есе жіберді (4:6), бірақ шешуші тайбрейкте әлемнің ең мықты теннисшісін жеңіп, шешуші жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Falcons тобында Сорана Кырстя, Сумит Нагал және Тейлор Фрицпен бірге өнер көрсетіп жатыр.