22.12.2023, 14:20

Газ жарылды: Алматы облысында 2 адам қаза тапты

Фото: Талғар ауданы әкімдігі

Зардап шеккен ер адам мен бойжеткен ауруханада қайтыс болды.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы 32 жастағы ер адам 21 желтоқсанда қайтыс болғанын хабарлады. Тұрғын үйдегі газдың жарылуынан оның денесінің 95% күйік шалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауыр жарақат салдарынан 1991 жылы туған ер адам 21 желтоқсанда көз жұмды. Ал осы түнде 2003 жылғы бойжеткен жантәсілім етті. Оның денесін 3-4 дәрежелі күйік шалған, - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.