$ 489.06  536.21  5.05

Ақмола облысында 42 жастағы әйел екі кішкентай баласымен жоғалып кетті

Жоғалған әйел үстіне қара көк куртка, күрең қызыл түсті шалбар, ақ түсті етік киген. 

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Ақмола облысында екі кішкентай баласымен бірге із-түзсіз жоғалған 42 жастағы әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 желтоқсанда сағат 23:52 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының Бестөбе кентіндегі полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1981 жылғы анасы Нуретдинова Альфия Сайфутдинқызын және оның 2022 және 2023 жылы туған екі кішкентай баласын іздеуге көмек сұраған. 

Қызының сөзінше, анасы мен екі сіңілісі сол күні танысының үйінен шыққан. Алайда үйіне келмеген және байланысқа да шықпаған. 

Қазіргі уақытта Бестөбе полиция бөлімінің және қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр. Сонымен бірге іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылып, бағыт бағдар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таратылуда, - деді ведомстводан.

Жоғалған әйел үстіне қара көк куртка, күрең қызыл түсті шалбар, ақ түсті етік киген. 

Тәртіп сақшылары жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар жандар болса дереу полицияға хабарлауды сұрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары