$ 494.87  520.65  4.91

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Жиынға қатысушылар ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты. 

Шағын құрамдағы кездесуге Қазақстан Президентімен қатар, Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басты бағыттарын, сондай-ақ Ұйымның 2024 жылға арналған халықаралық ынтымақтастық жоспарын талқылады. Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары