Журналистің баласы бір кезде жансақтау бөліміне түсіп қалған.
Танымал журналист Дина Төлепберген TALK LIKE бағдарламасына сұхбат беріп, баласының дерті туралы айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, баласы бір кезде жансақтау бөліміне түсіп қалған.
Жансақтау бөліміне түсіп қалдық. Құдайға шүкір, үлкені онда. Қан ауруы, қан сұйылып кетеді. Лейкоциттер мүлдем жоқ болады. Егер қалыпты адамда ол үш жүз мың төңірегінде болса, ауруханаға түскен кезде менің баламның лейкоциті төрт мың ғана болған. Шынын айтқанда, бұл аурудың табиғатын әлі күнге дейін түсіне алмай отырмын. Қазір емделіп жатырмыз. Бір жыл бойы балам мектепке барған жоқ. Өзімді жаман анасың деп сөктім. Дәрілер іштік. Бір жыл бойы изоляцияда болдық. Енді сол ауруды жеңу бағытында жұмыс істеп жатырмыз", - дейді журналист.