Мереке Аргентинаның Вилла Мария қаласындағы қонақ үйлердің бірінде өткен.
Қазақстандық "Ақтөбе" футбол клубының аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
31 жастағы ойыншы 10 жылдан астам қарым-қатынаста болған өзінің отандасы – Луз Ортиске үйленді.
Лео отбасын құрды! "Ақтөбенің" аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия тойын тойлады. Клуб ұжымы мен жанкүйерлерінің атынан Лео мен оның жұбайы Луз Ортизді заңды некелерімен шын жүректен құттықтаймыз!, – деп жазды қазақстандық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мереке Аргентинаның Вилла Мария қаласындағы қонақ үйлердің бірінде өткен. Жанкүйерлер де ойыншы үшін шын қуанышты екенін білдіріп, ақжарма тілектерін білдірген.
Айта кетейік, Леонель Струмия 2023 жылдың ақпан айында Ақтөбе сапына ауысып, бірден команда көшбасшыларының біріне айналды. Қорғаныстағы жартылай қорғаушы клуб сапында 30 матч өткізіп, нәтижелі пас беріп үлгерген.