$ 442.05  474.14  4.74

Дәулет Тұрлыханов туған ұлын үздік жаттықтырушы ретінде марапаттады

Арнайы федерация тарапынан 2023 жылдың номинациялары тағайындалды.

Фото: © olympic.kz
Фото: © olympic.kz

Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясында бірқатар балуандар мен бапкерлерді марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ересектер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі команда капитаны  Азамат Дəулетбековке автокөліктің кілті табысталса, отандық күрестің тарихын қайта жазған аса дарынды әрі 2023 жылдың ең нәтижелі балуаны – Ризабек Айтмұханға баспана берілді. Сондай-ақ, U23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионы  Сұлтан Әсетұлына пәтердің кілті және күміс жүлдегер - Асылжан Есенгелдіге, қола жүлдегер атанған Алтын Шағаеваға, Ирина Кузнецоваға қаржылай сыйақы табысталды.

Ресми кеште тек спортшылар ғана емес төрешілер мен бапкерлер де назардан тыс қалған жоқ.

Арнайы федерация тарапынан 2023 жылдың номинациялары тағайындалды. «2023 жылдың үздік спортшысы» номинациясының жеңімпазы Ризабек Айтмұхан атанды. «2023 жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясфна Қонысбек Түкенов пен Данияр Тұрлыханов ие болды. «2023 жылдың үздік төрешісі» номинациясының жеңімпазы Игорь Лигай болса, «2023 жылдың үздік медицина маманы» номинациясы Ардрей Клипанға берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары