$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза болды

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

Фото:
Фото:

Ұлытау облысындағы "Жыланды" кенішінде 31 жастағы жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – "Шығыс Сары-Обада" өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге алып келген ауыр жарақаттар алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - делінген компания мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары