Астанада жоспарланған әлеуметтік нысандар орнында бірде-бір тұрғын үй кешені салынбайды.
Астана әкімдігі әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, «Menin Elim Dala» ҚБ әлеуметтік желілерінде әлеуметтік нысандардан ТК-ға ауысу туралы жалған және абсурдтық ақпарат таратылуда. Жоспарланған әлеуметтік нысандар орнында бірде-бір ТК салынбайды.
Сонымен қатар, 60-тан астам ТК және коммерциялық нысандар бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әлеуметтік нысандарға өзгертілді: мектептер, балабақшалар, қоғамдық және аула кеңістіктері және т. б.
Учаскелер бойынша:
Есіл ауданы бойынша:
-ІІД ғимараты: 2015 жылы ІІД ғимаратын Түркістан көшесі бойында, №20 ғимараттың жанында орналастыру көзделген. Әкімдік осы аумақтағы оқушылар сарайы мен емханаға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы өзгертуге бастамашылық жасады;
-2 мектеп: Ф. Оңғарсынова көшесіндегі қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы білім беретін мектепті орналастыру көзделген. Сондай-ақ, іргелес учаскеде оқушылар сарайы салынады. Яғни, мемлекеттік мектеп пен оқушылар сарайы болады.
-Т. Рысқұлов көшесі мен Экспо-2017 кешені ауданындағы учаскеде мектеп салынады.
-2 балабақша: Керей, Жәнібек хандар көшелерінің ауданында және «Бағыстан» ТК ауданында бұрын жоспарланғандай балабақшалар салынады.
Алматы ауданы бойынша:
-2 мектеп: И. Панфилов көшесі мен А91 көшесі бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша екі жалпы білім беретін мемлекеттік мектепті орналастыру көзделген.
-5 балабақша: 1) М.Төлебаев көшесіндегі қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша балабақша құрылысы сақталады. Сонымен қатар, оқушылар сарайы да салынады.
2) Астана-Қарағанды тас жолының шекарасында көпқабатты тұрғын үй кешені орнына «ТЖ академиясы» салынады. Балабақша құрылысы сақталады. Сонымен қатар, осы тұрғын алабында тағы үш балабақша салынады.
Қосымша тұрғын үй құрылысы қарастырылмаған.
3) Ж. Нәжімеденов көшесі, 56-уч. - көппәтерлі тұрғын үй кешені аз қабатты сауда-ойын-сауық орталығына ауыстырылады, ал кіріктірілген мектепке дейінгі балалар мекемесі қалады.
4) Қолданыстағы жоба бойынша А.Тоқпанов көшесі бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, бұрын жоспарланғандай, «320 орындық балабақша» орналастыру көзделген.
5)Қолданыстағы жоба бойынша Ж.Нәжімеденов көшесі бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, бұрын жоспарланғандай, балабақша салу көзделген.
Сарыарқа ауданы бойынша:
-2 жатақхана: бұл үйлер апатты деп танылды және олар бұзылды. Жатақханаларға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы сақталды. Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы қарастырылмаған.
Нұра ауданы бойынша:
- «Нұра» және «Сарыарқа» аудандары арасындағы Есіл өзенінің жағасында орналасқан учаскедегі қызыл сызықтарды ауыстыруға қатысты қалалық жағажай болады. Бұл учаске Кіші Талдыкөл көлдерінің топтарына жатпайды.
- И. Омаров көшесі бойында кіріктірілген балабақшасы бар бұрынғы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы – ТК да өзгеріссіз қалады.
Байқоңыр ауданы бойынша:
- Мектепке қосымша: Игілік және Тайбұрыл-2 көшелерінің қиылысы ауданында балаларға арналған бос уақыт және спорт орталықтары жоқ екенін ескере отырып, сол учаскеде Оқушылар сарайын салу туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық бірлестік жариялаған ақпарат 100% шындыққа жанаспайды және жалған болып табылады. Биыл бірде-бір әлеуметтік нысан көппәтерлі тұрғын үй кешеніне ауыстырылған жоқ. Астанада жоспарланған әлеуметтік нысандар орнында бірде-бір тұрғын үй кешені салынбайды.